Бiз туралы
Колледж миссиясы: Рухани адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, еңбек нарығында қабілетті, құзыретті мамандарды дайындау.
Көзқарас: Гуманитарлық және техникалық сала қажеттілігі үшін кәсіби құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда Республикамыздың жетекші колледждерінің қатарына ену.
Стратегиялық бағыттары:
- Мамандардың бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру.
- Білім алушылардың дамуы үшін, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін жағдайлар жасау;
- Жұмыс берушілер мен кәсіби білім беру қызметін тұтынушылардың білімінің сапасы мен кәсіби дайындығы мазмұнының еңбек нарығының талабына сай келу сұранысын қамтамасыз ету;
- Жаңа мамандықтар ашу немесе мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын анықтау мақсатында еңбек ресурстары нарығын зерттеу;
- Әлеуметтік серіктестікті кеңейту, олардың кадр дайындау мәселесіндегі сұраныстарын ескеру үшін жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу;
- Кәсіби қызметтің, кәсіби тәжірибенің және білім берудің технологияларын оптимизациялау, білім алушыға қызметтің жаңа әдістері мен түрлерін меңгерту арқылы өмірлік қажеттілігі бар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үйрету.
- Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу: дуальді оқыту жүйесі, модульдік бағдарламалар;










