19/07/2026 Жексенбі
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

WorldSkills JETYSU 2026 чемпионатының қорытынды нәтижелері:

«Көркем мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша
І орын — Саяхмет Бекназар

«Сылақ және сәндік сурет» құзыреттілігі бойынша
ІІІ орын — Ерсаин Ерсұлтан
ІІ орын — Алдаберген Іңкәр
І орын — Ербол Құралай

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша
Тлеужанов Альфат Думанович — «Үздік маман» номинациясының иегері атанды.

«Жиһаз өндірісі» құзыреттілігі бойынша
ІІІ орын — Әукен Ерсұлтан
І орын — Серикжан Хыдырбек

«Сантехника және жылыту жүйелері» құзыреттілігі бойынша
І орын — Хамит Арнұр Ерланұлы

«Құрғақ құрылыс» құзыреттілігі бойынша
І орын — Қуанышұлы Аслан Барлық


«WorldSkills Kazakhstan – 2025» нәтижелері бойынша: 


1-орын (Алтын медаль)
Шавдун Дильназ — «Визуалды мерчендайзинг құзыреттілігі»
Жетекшісі: Нүкешова Алтынай


3-орын (Қола медаль)
Бақтыбайұлы Имаш — «Электромонтаж жұмыстары құзыреттілігі»
Жетекшілері:  Айғожанов Темірлан, Бекежанов Мадияр


Медальон
Анварханов Айтуар — «Малярлық және декоративті жұмыстар құзыреттілігі»
Жетекшісі: Адильбекова Бақытгүл

Бүгін «WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының алғашқы күні өтті. Қатысушыларымыз өз құзіреттіліктері бойынша тапсырмаларын сәтті орындап шықты.

Сәттілік серік болсын!


"Worldskills Kazakhstan 2022" республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты. "Электрмонтаждаушы" құзіреттілігі 2-ші күн.


Бүгін Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті. Чемпионатқа 30 құзіреттілік бойынша                 500-ге жуық жас мамандар республикамыздың әр облысынан жиналды. Байқауға колледж бен жоғарғы оқу орындарының студенттері, кәсіпорындардың жас мамандары қатысуда.

Аталған чемпионатқа колледжімізден «Электрмонтаждаушы» және «Визуальный мерчендайзинг және витринистика» құзіреттіліктері бойынша қатысатын білім алушылар 07.12 – 09.12 аралығында өз кәсіби шеберліктерін көрсетеді.Өндірістік оқыту шеберлері Д.Күлбеков пен А.Талғатқызы бағалау сарапшылардың қатарына енді.

Қатысушыларымызға СӘТТІЛІК тілейміз!


2022 жылдың 12-ші мамыр күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «WorldSkills Taldykorgan 2022» аймақтық чемпионатының ашылу рәсімі өтті.


«WorldSkills Taldykorgan 2022» аймақтық чемпионатына колледжіміздің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттері Шаймерден Н. мен Нұрланұлы Н. «Ақпараттық кабельдік желілер» құзіреттілігі бойынша қатысуда. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!


12 – 13 мамыр аралығында «WorldSkills Taldykorgan 2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатына колледжімізден «Фотосурет» құзіреттілігі бойынша Сыбанбеков А. қатысуда. Асфандиярға сәттілік тілейміз!!!


“WorldSkills”

2021 жылдың маусым айының 08-09 күндері Шамалған көпсалалы кәсіптік оқыту колледжінде “Дәнекерлеу ісі” мамандығы бойынша өтілген аймақтық WorldSkills - байқауына қатысушы өндірістік оқыту шебері Е.Байбатжанов студентін қатыстырды.


2021 жылдың маусым айының 02-03 күндері өтілетін Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен аймақтық «WorldSkills - 2021» чемпионатының «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігінің байқауы Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде өз жұмысын бастады.


"WorldSkills - 2021". 2-күн

2021 жылдың маусым айының 02-03 күндері өтілетін Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен аймақтық "WorldSkills - 2021" чемпионатының "Электромонтаждық жұмыстар" құзыреттілігінің байқауы 2-күн.