11/12/2025 Бейсенбі
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Айнағулова Кемчат Сақанқызы

   Туған жылы: 01.01.1972ж

   Білімі: жоғары

   Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі: еңбек,физика ,

   информатика пәнінің оқытушысы

   Педагогикалық өтілі: 27жыл

   Колледжде қанша жыл жұмыс істейді: 27жыл

   Біліктілік санаты:  педагог

 

Колледждің әдістемелік мәселесі: Мамандар даярлауда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

 

 

 

Мақсаты: Білім беруді жаңғырту жағдайында әдістемелік қызметтің мазмұнын жаңарту және педагогикалық ұжымға болашақ құзырлы маманды қалыптастыру үшін педагогикалық дағдыларды жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету.

 

 

 

Міндеттері:

 

білім үрдісіндегі оқу-әдістемелік кешендерін жасау мен жаңартуда оқытушыларға көмек көрсету;

жаңа технологиялар мен алдыңғы қатарлы әдістемелерді, озат педагогикалық іс- тәжірибе таратуды;

педагогтарға ашық сабақ, әдістемелік материалдарды дайындауда, инновациалық бағдарламалармен технологияларды оқып енгізуде әдістемелік кеңес беру;

педагогтардың біліктілігін көтеруді жоспарлау мен ұйымдастыру;

колледжде педагогикалық оқуларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру;

педагогтардың республикалық, облыстық, қалалық байқауларға, конференцияларға, семинарларға қатысуын ұйымдастыру;

колледждің ұжымының педагогикалық шеберлік шығармашылық байқауларды ұйымдастыру;

колледж жұмысының тиімділігін арттыруда ішкі құжаттар үлгісін жасау;

редакциялық баспасөз қызметін ұйымдастыру;

білім үрдісінің мазмұнын инновациялық кәсіби білімдік бағдарламалар арқылы және инновациялық педагогикалық технологиялар мен оқытудың әдістерін қолдана отырып жетілдіру;

педагогтар мен студенттердің әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын, шығармашылық қызметтерін дамыту;

педагогикалық ұжымның тәжірибелерін тарату мен жинақтау және оларды ұжым жұмысына енгізу;

педогог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін көтеру жұмыстары;

білім беру үрдісіне модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу;

оқытудың дуальды жүйесін енгізу;

оқытушыларды сабақта және сабақтан тыс қызметінде құзыреттілік тәсілді пайдалануға оқыту бойынша әдістемелік жұмысты  жобалау;

ПЦК шеңберінде колледж педагогтарының жұмысына әдістемелік жетекшілік ету;

әлеуметтік әріптестермен жұмысты ұйымдастыру;

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

білім берудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, жан-жақты құзыретті мамандардың қалыптасуы;

оқытудың инновациялық және ақпараттық – коммуникативтік технологияларын қолдану арқылы білім сапасының көтерілуі;

маман даярлауда оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелердің жинақталуы.

Марапаттар, дипломдар, атақтары:

1. «Ұлағатты ұстаз», (2016ж) «Білім беруге қосқан үлесі үшін» (2018ж) төсбелгілерінің иегері

2. Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының «Алғыс хаты» 2018ж

3. «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының Саяси кеңесінің «Алғыс хаты»  - 2019 жыл,

4. «Тәжірибедегі оқытудың жаңа жүйесі» ІІІ дәрежелі диплом, Алматы облыстық білім басқармасы,2020ж

5. Алматы облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», 2021ж

6. Білім министрі А.Аймағамбетовтен «Ұстаздар мерекесіне құттықтау» 2022ж