11/12/2025 Бейсенбі
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Жер жаннаты Жетісудың жерінде,

Колледжім тұр  Талдықорған төрінде.

Өнер-білім, тәрбиемен ұштасқан,

Мәртебесі биік оның елімде.

 

Қайырмасы:

Болашақтың бастауы,

Ашық тұрған аспаны.

Желбіреген байрағы

Біз колледждің 2рет жастары.

 

Сыңғырлаған білімнің түп қайнары,

Жаңарудың науқаны әркез қайнады.

Парақтары қалыңдады тарихтың,

Ұстаздардың бұзылмай еш қаймағы.

 

Қайырмасы:

Болашақтың бастауы,

Ашық тұрған аспаны.

Желбіреген байрағы

Біз колледждің 2рет жастары.

 

Берік ұстап тәуелсіздік тізгінін,

Нық қадаммен алға бастық біз бүгін.

Жолдауларға қолдау жасап әрдайым,

Нұрлы таңмен шуақтанған күн бүгін.

 

Қайырмасы:

Болашақтың бастауы,

Ашық тұрған аспаны.

Желбіреген байрағы

Біз колледждің 2рет жастары

Әні: Сая Есенгельдинова

Сөзі: Назерке Исаханова