28/05/2026 Бейсенбі
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК
  «Таза Қазақстан» 2026 республикалық акциясы аясында өткен «Taza time» волейбол турнирінде колледжіміз жүлделі II орынды иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
   2026 жылы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің “Qarzhy Sagshysy” компьютерлік ойынына қатысып Жетісу облысы колледждері арасында 1-орын алған 205-топ білім алушысы Гумаров Куанышты құттықтаймыз!
   2026 жылы Талдықорған қаласының кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары арасында өткізілген бағалау-рейтингтік спартакиадада колледжіміз жүлделі 3 орынды иеленді. Бұл жетістік - білім алушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Барша ұжымды құттықтаймыз! 
   

«WorldSkills Kazakhstan - 2025»

1-орын (Алтын медаль)
Шавдун Дильназ - «Визуалды мерчендайзинг құзыреттілігі»
Жетекшісі: Нүкешова Алтынай

 

«WorldSkills Kazakhstan - 2025»


3-орын (Қола медаль)
Бақтыбайұлы Имаш - «Электромонтаж жұмыстары құзыреттілігі»
Жетекшілері: Айғожанов Темірлан, Бекежанов Мадияр

 
   

«WorldSkills Kazakhstan - 2025»

Медальон
Анварханов Айтуар - «Малярлық және декоративті жұмыстар құзыреттілігі»
Жетекшісі: Адильбекова Бақытгүл

   

WorldSkills Kazakhstan 2025
«Электромонтаж жұмыстары» құзыреттілігі бойынша өткен республикалық чемпионатқа
17 облыс пен 3 қала қатысып, жоғары деңгейде бәсеке өтті.

Осындай ауқымды жарыста облысымыздың атын шығарып
жүлделі 3-орынға ие болдық
Ең бастысы - осы құзыреттілік бойынша тарихта алғаш рет жүлделі орын алдық!

Бұл - тынымсыз еңбек, кәсіби шеберлік және командалық жұмыстың нақты нәтижесі.

Енді Еуропаға шығу үшін бар біліміміз бен күшімізді саламыз!

Бұл - тек бастамасы. Алда үлкен мақсаттар мен жаңа жеңістер бар

 

Талдықорған қаласының әкімдігі “Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ ұйымдастыруымен өткен “Тәуелсіз елдің ұрпағы” қалалық мәнерлеп оқу байқауында І орын алған 206-АХ тобының білім алушысы - Ербол Құралайды және ІІІ орын алған 106-РТ тобының білім алушысы - Жалғасбек Десті құттықтаймыз!

 

 
  Талдықорған қаласының жоғары оқу орындары арасында өткен жарыста жүлделі 3 орын алғаны үшін Құттықтаймыз 
  Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің 90 жылдығына орай
Талдықорған қаласының колледж білімалушы қыздары арасында өткен волейбол турнирінде
қыздар құрамасы 3-орынды иеленді!
 

 

Жетісу облысында өткен WorldSkills Zhetysu 2023 чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Чемпионатқа Жетісу құрылыс-техникалық колледжі 6 құзыреттілік бойынша қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
«Жиһаз өндірісі» құзыреттілігі Тұрсынмамед Мадияр - І орын
«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі Талғатұлы Олжас - І орын
«Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі Карапова Асем - ІІ орын
«Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі Шаймерден Нұрай - ІІІ орын.
WorldSkills Zhetysu 2023 чемпионатының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

- 2017 жыл Мемлекетаралық сараптау кеңесі төралқасының ұсынысы бойынша «Үздік оқыту мекемесі» номинациясында І дәрежелі диплом;

 

- 2017 жыл колледж директоры Джумадилов Асет Қазыйұлы «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

 

- 2017 ж. Аймақтық Worldskills чемпионаты «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілігі бойынша ІІ орын;

- 2018 жыл «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ-ң рейтинг нәтижесі бойынша Алматы облысының 74 колледжінің арасында Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі ІІІ орынды иеленді;

- 2018 жыл Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып өткен кәсіпқой суретшілердің «Туған жерім - тұғырым» атты Халықаралық пленэріне Асқаров Айдар Тұрғанбайұлы қатысып, облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталовтың марапатын иеленді.

 

- 2018 ж. Аймақтық Worldskills чемпионаты «Электромонтаждық жұмыстар» құзіреттілігі бойынша БАС ЖҮЛДЕ, «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша ІІ орын;

 

-2018 жыл «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2018» байқауы, ІІ дәрежелі ДИПЛОМ;

- 2018 жыл «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты облыстық байқауына «Жалпы құрылыс жұмыстарының шебері» мамандығының ІІІ курс студенті Елубек Сейтжан І орын

- "Жас тарихшылар мен өлкетанушылар" атты облыстық форумы. Алиасқар Балжан БАС ЖҮЛДЕ 

- 2018 жыл «Үздік директор - 2018» республикалық байқауының жеңімпазы колледж директоры Джумадилов Әсет Қазыйұлы І дәрежелі дипломмен және білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік директор - 2018» төсбелгісімен марапатталды.

- 2019 жыл облыстық «Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестиваліне колледжіміздің «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының өндірістік оқыту шебері Рысбеков Нүркен Ертанұлы ашық сабақ көрсетіп жүлделі ІІІ орын иеленді.

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын шағын футбол жарысы ұлдар командасы жүлделі 1 - орын

- 2019 ж. "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Өлке өнері" атты облыстық кәсіпқой суретшілердің көрме байқауы Дизайн мамандығының өндірістік оқыту шебері Асқаров Айдар Тұрғамбайұлы БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп 200 000 т сертификат иеленді.

- 2019 ж. Облыстық «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы әлеуметтік имидждік бейнероликтерді түсіру мен тарату» форумында «Жиһаз жинақтаушы» мамандығының студенті Шуиншалин Нұржан жүлделі ІІІ орынды иеленді

- 2020 ж. «Тәжірибедегі оқытудың жаңа жүйесі» жалпы білім беретін оқытушылар облыстық байқауы ІІІ орын;

- 2020 ж. Аймақтық Worldskills чемпионатында «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша АЛТЫН, «Ақпараттық және кабельдік жүйе» құзыреттілігі бойынша КҮМІС медаль иегері;

- Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының қытушылары арасында «Үздік педагог-2021» облыстық конкурсында III орынды Асқаров Айдар иеленді

- ҚР суретшілер Одағының мүшесі, өндірістік оқыту шебері А.Асқаров ҚР мәдениет министрлігінің қолдауымен және ЮНЕСКО- ның мәдени мұралар тізіміне енген «Таңбалы тас» мәдени қорық мұражайының ұйымдастыруымен өткен пленэрдің ашылуына қатысып, тарихи мұражайға өз туындысы халқымыздың белгілі тұлғасы Д.Қонаевтың мүсінін тапсырды.

- Облыстық «Кәсібінің үздігі - 2021» атты байқауда өндірістік оқыту шебері Н.Рысбеков жүлделі ІІ орын иеленді.

- Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасына колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Мұқанджан Ержан қатысып, ІІ дәрежелідипломмен марапатталды.

- «Ең үздік маман - 2021» атты облыстық байқауың «Өндірістік оқыту шебері» бағыты бойынша жеңмпазы Е.Тагаев марапатталды.

- «Ең үздік маман - 2021» атты республикалық байқауың «Білім беру» бағыты бойынша жеңмпазы Е.Тагаев марапатталды.

- Бурса қаласында өткен «Түркі дүниесі суретшілерінің кездесуі» халықаралық суретшілер симпозиумына колледжіміздің өндірісітік оқыту шебереі А.Асқаров қатысып, сертификат иеленіп келді.

- «Білім беру» саласы бойынша «ҚР - ның 100 үздік маманы - 2022» республикалық байдаудың жеңімпазы колледжіміздің өндірісітік оқыту шебері Д.Кульбеков

- Қазақстан Республикасы Қрулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Колледжіміздің АӘжТД пәнінің оқытушысы Е.Шарипов ҚР Қорғаныс министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

- Облыстық «Кәсібінің үздігі - 2022» атты байқауда өндірістік оқыту шебері Т.Айғожанов жүлделі ІІІ орын иеленді.

- «ТМД-ның үздік педагогы -2022» атты халықаралық байқауына қатысқан колледжіміздің ұстазы А.Оразалина «ТМД-ның үздік педагогы - 2022» төсбелгісімен және Халықаралық дәрежедегі І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

- Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазақдағы жарлығы бойынша колледж директоры А.Джумадилов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

- Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми ақпараттық, танымдық - тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог» байқауына колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Д.Күлбеков қатысып, орталықтың дипломымен және «Жаңашыл ұстаз» төсбелігімен марапатталды.

- Қалалық «Жас маман мен тәлімгер» байқауына колледжіміздің жас мамандары А.Ауесхан мен Н.Жұмабай қатысып, Н.Жұмабай жүлделі ІІІ орын иеленіп, А.Ауесхан «Креативті ұстаз» номинациясын жаңіп алды.

- Облыстық Қ.Бітібаев атындағы олимпиадасына колледжіміздің 313-топ студенті Утегенова Ақмаржан қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді, студенттің қабілетін шыңдап, олимпиадаға қатысуына бағыт - бағдар көрсетіп, жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.Жунусова алғыс хатпен марапатталды.