С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде «Табысты колледж түлектері және жас мамандар» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – колледж түлектерінің кәсіби жетістіктерін насихаттау, білім алушыларға мамандық таңдаудың маңызын түсіндіру және жас мамандарға еңбек жолында бағыт-бағдар беру.
Бегалы Нұрлан Нұрбайұлы – «Электр жабдықтары» мамандығының 2026 жылғы түлегі.
Колледж қабырғасынан алған кәсіби білімін өндірісте шыңдап, қазіргі таңда «Ембімұнайэнерго» басқармасына электрик лауазымына вахталық әдіспен жұмысқа қабылданды.
Төлепов Медет Жалғасұлы – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету» мамандығының 2011 жылғы түлегі.
Бүгінде өз мамандығына адалдығын кәсіпкерлікпен ұштастырып, «АДІЛ сервис» мекемесін ашып, автокөліктерге жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асырып келеді.
Білім – мамандыққа бастайды, ал еңбек пен ізденіс – жетістікке жеткізеді!
Бүгінгі түлектер – ертеңгі жас мамандарға үлгі. Олардың кәсіби жолы колледжде алған білімнің өндірісте өз нәтижесін табатынын көрсетеді.
Түлек жетістігі – колледж жетістігі!
Мамандық таңда






