12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай колледждегі 1 курс студенттерімен салтанатты жиын өтілді. Жиынды колледж директоры А.Джумадилов және директордың ТІЖ орынбасары Ж.Ахметова ашып, студенттерді мерекелерімен құттықтады. А.Джумадилов: "Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек" - деп құттықтау сөз айтып, қоғамдық жұмысқа белсене қатысып жүрген және спорттық іс шараларда жүлделі орындар алған студенттерді марапаттады. Сонымен қатар колледж асханасында балалар күніне орай мерекелік дастархан жайылып, тәттілер таратылды.