«Буккроссинг-бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі»
Бүгін, 02 маусым күні кітапхана меңгерушісі А.Ибраева «Балалар жылы» аясында «Буккроссинг-бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» тақырыбында акция ұйымдастырып өткізді. Шараның мақсаты – кез-келген кітапсүйер қауым өзі секілді кітапқұмарларды танып біліп, өзі ұнатып оқыған кітабын өзгелермен бөлісіп, үйде жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», кітап алмасу, жастардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеруге бағытталды.
Кітап алмасу акциясына кітапты жанына серік ететін студенттер түгелдей қатысты. Таңдау мол. Талап біреу ғана - ол кітап оқу. Акцияға қатысушы жастар өздеріне серік етіп, оқып жүрген кітаптарын ортаға қойып басқа оқырманның оқуына мүмкіндік берді. «Оқып болсаң, досыңа бер» қағидасын ұстанған студенттер үйлерінен көркем әдебиет, тарихи кітаптармен қоса ғылыми-танымдық оқулықтарын да алып келген. Көбі әдеби және психологиялық М.Әуезовтың «Абай жолы» романы, К.Бекжігітова «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт», Джон Кехо «Подсознание может все», А.Баймұхаметовтың «Тастамашы ана» секілді кітаптарды оқып жатқандарын айтып сөз қозғады.
Шара соңында А.Ибраева кітап оқудың пайдасы туралы ғибратты әңгімелерін айта келе, өзінің оқыған кітаптарымен бөлісті.
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/246-bukkrossing-birge-o-imyz-kitapty-ajnalysta-zh-rui.html#sigFreeId07e2b36c0b




