07.06.2022 күні Көксу ауылшаруашылық колледжінде "Жас маман" жобасы арқылы жаңа мүмкіндіктерді іске асыру" тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға колледжіміздің кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары А.Бюлюкеева және "Электржабдықтары" мамандығының шеберлері Е.Тагаев пен Д.Күлбеков қатысып, "Жас маман" жобасы шеңберінде алынған замануи құрал-жабдықтармен, қондырғылармен танысып, тәжірибе алмасып қайтты.




