"Ұрпақтар сабақтастығы" атты Республикалық СИМПОЗИУМҒА колледжіміздің ө\о шебері
А.Оразалина қатысты
Мамыр айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты Республикамыздың қолөнер шеберлері, кәсіби суретшілері мен көркем еңбек педагогтары арасындағы "Ұрпақтар сабақтастығы" атты Республикалық СИМПОЗИУМҒА колледжіміздің ө\о шебері А.Оразалина қатысты. Білім беру және "Қазақстанның Педагогикалық Академиясы" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткізілетін бұл іс-шарада симпозиумға қатысушылар пленэрге шығып, көрме ұйымдастырып, шеберлік сағаттар көрсетіп, тәжірибе алмасты. Үздік туындылар каталогқа жинақталып шықты. Бұл каталог өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шақтарының кепілі шығармашыл ұстаздардың қолдарында екендігін білдіретіндей. Бабалардан қалған мұраны дамытып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтастыратын, жоқтан бар, жаудан дос жасай алатын саяси сауатты, рухы биік, білімі терең, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу бүкіл халықтық іс.
View the embedded image gallery online at:
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/254-rpa-tar-saba-tasty-y-atty-respublikaly-simpozium-a-kolledzhimizdi-o-sheberi.html#sigFreeId7f7ba2f5f9
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/254-rpa-tar-saba-tasty-y-atty-respublikaly-simpozium-a-kolledzhimizdi-o-sheberi.html#sigFreeId7f7ba2f5f9




