12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

 

14.06.2022 күні С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік – техникалық колледжі базасында «Кәсіптік білім мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Ө.Разман қатысып, «Энергетика» мамандығы бойынша университетпен бірлесе әзірленген оқу – жұмыс бағдарламасының мүмкіндіктерімен және әлеуметтік серіктестіктермен дуальды оқытуды, оқыту практикасын ұйымдастыру жолдарымен танысып, тәжірибе алмасып қайтты.