12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Қызығы мен қиынды қатар жүретін студенттік шақтағы тағы бір оқу жылы артта қалды. Ал бітіруші түлектер үшін бұл маңызды кезең. Себебі олар енді қолына диплом алып, жас маман атанып жатыр. 24 маусым күні колледжінде «Сәт сапар, жас түлек» тақырыбында бітіруші түлектерге арналған салтанатты кеш өтті.

Салтанатты рәсімді колледж директоры Джумадилов Асет Қазыйұлы ашып, құттықтау сөз айтып, болашақ жас мамандарға өзінің құттықтауын айтып, дипломдарын табыстап, колледждегі қоғамдық шараларға белсене қатысып жүрген студенттерді және ата-аналарды Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.

Салтанатты шарада ата-аналар тарапынан колледж басшылығына, оқытушылар атына жылы лебіздер айтылды.

Колледжді бітіруші түлектердің болашақта өз мамандығы бойынша білікті маман болып, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосады деген сенімдеміз. Сәт сапар, жас маман!