12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында ҚР Қарулы Күштерінің                     30 жылдығына және «Балалар жылына» орай «Айбын-2022» VIII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Аталған жиында Қазақстан Республикасынан «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбиеленушілерінен құралған 44 команда күш сынасты.

Жиынның қорытындысы бойынша «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында Алматы облысының намысын қорғаған Талдықорған қаласының «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы құрамында колледжіміздің І курс студенті Сыдықбаев Әлішер «Айбын-2022» VIII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, команда бойынша Бас жүлдені жеңіп алды.

Әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыны жоғары деңгейде дайындағаны үшін колледж директоры А.Джумадилов Алматы облысы қорғаныс істері департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталды.