Шілде айында астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық Дизайнерлер Одағының 10 жылдығына арналған республикалық көрмеге ө/о шебері Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі А.Оразалина өз туындыларымен қатысып тәжірибе алмасып қайтты.
Еліміздің барлық өңірінен 100-ден аса дизайнер қатысқан көрмеде, көрермендер назарына этно дизайн, ART дизайн, сәулеттік дизайн бағыттары бойынша шығармашылық жұмыстар ұсынылған. Еуразиялық дизайнерлер одағының төрағасы Ермек Асылханов көрменің басты мақсаты - ұлттық стильді заманауи бағытпен ұштастырып, әлемдік сахнаға шығу. Сонымен қатар дизайнды жастарға дәріптеу, ұлттық дизайнды дамыту дейді.
Халықаралық бұл көрмеде қазақ сәнді өнеріне АҚШ мемлекеті азаматтарынан қызығушылық басым болды. Олар туындылардың жасалу техникасына қызығып, ұнатқан паноларды жеке коллекцияларына алуға ұсыныс тастады.
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/267-euraziyaly-dizajnerler-oda-yny-10-zhyldy-yna-arnal-an-respublikaly-k-rme.html#sigFreeIdbd68d4807c




