Бүгін колледжімізде 22-қыркүйек тілдер мерекесіне арналған «Тіл-татулық тірегі» атты іс - шара өтті. Іс - шараның мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Сонымен қатар, мемлекетіміздің әлемдік жаһандануда бәсекелестікке қабілетті болуы үшін шет тілдерін меңгеру. Мереке аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, білім алушылар өз өнерлерін көрсетті. Іс - шара барысында тіл мамандары дайындаған «Үш тұғырлы тіл» интеллектуальдық жарысына студенттер белсене қатысып, әртүрлі сыйлықтармен марапатталды. «Ана тілі – құламайтын бәйтерек!» атты кітаптар көрмесі ашылып, қызығушылықпен тамашалады. Іс шара соңында білім алушылар «Осенний калейдоскоп» ауызша журналына саяхат жасап, көтеріңкі көңіл күйде болды.
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/284-til-tatuly-tiregi-atty-is-shara-tti.html#sigFreeId7bd637b5dc




