07 қазан күні Ұлағатты ұстаздар мерекесімен тұспа-тұс келген, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің 40 жылдық мерейтойына арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиын барысында мерекелік құттықталар айтылып, ардагер ұстаздарға қошемет көрсетіліп, колледжде үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ұстаздарға сыйлықтар мен марапаттар берілді.
Осындай айтулы мерекеде алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор екендігін айта отырып, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/286-staz-aty-biik-ri-m-gilik-atty-saltanatty-zhiyn.html#sigFreeId7675c75b87




