12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Бүгін колледжімізде үлкен той, мереке. Сонау 1982 жылы іргетасы қаланған оқу орны бүгінде 40 жасқа толып отыр. Осынау жарты ғасырға жуық ғұмырында 40 рет алғашқы қоңырауы мен 40 рет соңғы қоңырауын соққан білім ошағы 7000 нан астам жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып кәсіпке баулып келеді. Осындай мерейлі мерекеге колледжімізге Жетісу облысының білім басқармасынан, Талдықорған қаласындағы алдыңғы қатарлы колледждердің басшылары, колледжімізге еңбек сіңірген ардагер ұстаздар, түлектер келіп құтықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар, 40 жылдық мерейтойға 1982-1985 жылдары колледждің алғашқы іргетасы қаланған жылдары оқу ғимараттарын құрылыс мекемесінен қабылдап алып, оқу кабинеттеріне, оқу шеберханаларына бөліп, колледж ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, орасан зор еңбек атқарып, талай жылдарға дейін өсіп өркендеуіне үлес қосқан ұстаздарымыз бен өндірістік оқыту шеберлері де келіп, оқу орнының бүгінгі тыныс тіршілігімен танысып, құттықтап қайтты.