12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

2022 жылдың 13 қазан күні «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «КЕЛЕШЕК» Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінің студенттер арасында «Дебат Ел ертеңі - жастар» пікірсайыс семинар - тренинг өтті.

Семинардың жетекші спикері - Жетісу облысының пікірсайыс ассоциациясының президенті С.Сұңқарұлы семинар қатысушыларына пікірсайыс ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой - пікірлерін ортаға салып, көпшіліктің талқысына түсу арқылы өз ойын көрермендерге жеткізу деді.   

Шара соңда «КЕЛЕШЕК» Жастар кеңесінің төрағасы Б.Жаксикелдинов алдағы уақыта осы семинарға қатысқан қатысушылар арасында пікірсайыс ойыны үстіміздегі жылдың 31 қазан күні өтетіндігін, С.Сұңқарұлы ойынынның келесі тақырыптарда - 

  1. Бұл палата Қазақстандағы кәсіподақты жаңғырту жолдарын ұсынады;

  2. Бұл палата әйелге берген ақшаның пайдасы жоқ деп есептейді;

  3. Бұл палата қазақ еліне шығыстың мәдениетінен гөрі, батыстың мәдениеті лайық деп санайды;

  4. Бұл палата қыздар басқарған әлем ұлдар басқарған әлемнен жақсырақ өтетіндігін хабарлады.