ҚР Оқу - ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми - педагогикалық кітапханасы, «Балдаурен» республикалық оқу - сауықтыру орталығымен бірлесіп «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында 13 - 15 қазан аралығында Қонаев қаласында, Қазақстан Республикасы күніне орай «Болашақ – білімді жастардың қолында» атты колледж кітапханашыларына арналған республикалық семинар өткізді. Аталған семинарға колледжіміздің кітапхана меңгерушісі А.Ибраева қатысып, тәжірибе алмасып сертификатқа ие болды. Сонымен қатар, «Ағарту саласындағы адал еңбегі, колледж кітапханасының жұмыс сапасын арттырудағы кәсіби шеберлігі және қол жеткізген жетістіктері мен нәтижелері үшін» Құрмет грамотасымен және TopiQ.kz платформасымен жұмыс жасауға үлесін қосқаны үшін «Алматыкітап баспасы» Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/291-bolasha-bilimdi-zhastardy-olynda.html#sigFreeId31ad1cfa52




