22 қазан күні Талдықорған қаласы Б. Римова атындағы драма театрында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиында облыс әкімі Б.Исабаевтың қолынан қырық Жетісулық азамат мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар алды. Наградамен марапатталған азаматтар ішінде колледжіміздің директоры Жұмаділов Әсет Қазыйұлы облыстың білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Құрметті Әсет Қазыйұлы марапатыңыз құтты болсын! Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбегіңіз әркез жемісті бола берсін! Еліміздің өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әліде тәнті істерді атқаратыныңызға сенімдіміз!
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/294-22-10-2022-direktor-marapat.html#sigFreeId3a1ce80883




