22 қазан күні колледждің «Келешек» өзін-өзі басқару ұйымының студенттері жастар ұйымының жетекшісі Б.Жаксыгелдиновтың ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы «Өмірлік қиын жағдайға түскен тұлғаларға арналған уақытша бейімдеу орталығына» барып 25 қазан Республика күніне арналған «Қыран елім- Қазақстаным!» тақырыбында қайырымдылық концертін өткізді. Белсенді жастар ән айтып, би билеп қарттарға керемет көңіл күй сыйлады.
Аталған шараның негізгі мақсаты – жастарды мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге, ғибрат алуға тәрбиелеу, қарттарға көмек көрсету, қайырымдылық іс жасау сынды іс-әрекеттері арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту.
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/296-yran-elim-aza-stanym-ta-yrybynda-ajyrymdyly-kontsertin-tkizdi.html#sigFreeId3eef71a6f3




