Талдықорған гуманитарлық техникалық колледжінің жастар үйінің тәрбиешілері: Н.Боканова мен С.Ибраимжанованың ұйымдастыруымен 25 қазан-Республика күніне орай "Отаным-бақыт ордасы "тақырыбында танымдылық кеш өткізілді. Бұл кештің мақсаты:Студенттерді туған жерін,туған елін ,халқын ардақтап өтуге үйрету.Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі-туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.Кешімізге жастар үйінің студенттері белсене қатысып өздерінің туған жерлерінің кереметтілігін айта отырып қағаз бетіне сурет арқылы жеткізе білді.Кеш соңында студенттеріміз отанға деген сүйіспеншілігін өлең шумақтарымен жеткізе білді. Кешіміз 296-топ студентті Берікқызы Бақыттың жүрек жарды "Туған жер"атты өлеңмен аяқталды.
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/297-otanym-ba-yt-ordasy-ta-yrybynda-tanymdyly-kesh-tkizildi.html#sigFreeId513d12ed57




