12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Талдықорған гуманитарлық–техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің ұйымдастыруымен Жастар үйінде «Ұрпақ тәрбиесі–ұлт болашағы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі дінтанушы, психолог Қанат Маратұлы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облыстық әйел-қыздар секторының меңгерушісі Айгерім Атымтайқызы шақырылды.

Бұл кездесудің басты мақсаты – жастарды адамгершілік құндылықтар мен отбасылық дәстүрлерді сақтау, әке мен ана, ұл мен қыз тәрбиесіне көңіл бөлу, өңірімізде орын алып жатқан түрлі жағдайлардың алдын алу.

«Адам баласына ең алғаш білім емес, тәрбие беруі керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп, — Әл-Фараби бабамыз айтып өткеніндей, әрбір адамзат баласына, әу баста дұрыс тәрбие берілуі қажет. Ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болмасын өзекті мәселелердің бірі бола бермек. Ұрпақ тәрбиесі — ең алдымен ұлт тәрбиесі бола отырып, қоғамда саналы ұрпақ тәрбиелеу ең бірінші орында, кез-келген ата-ананың, одан соң білім беру мекемелерінің басты міндеті саналмақ.