Ағымдағы жылдың 28 қазанында Алматы қаласында Құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында кадрлар даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында "Алматы құрылыс-техникалық колледжі" КМҚК базасында «КОЛЛЕДЖ - ТӘЖІРИБЕ – МАНСАП» техникалық мамандықтарын дамытудың ашық халықаралық практикалық форумы өтті. Форум аясында "Жас маман" жобасы бойынша алынған жабдықтарды көрсету, шебер кластар, диалогтық алаңдардың жұмысы ұйымдастырылды. Форумға колледжімізден директордың ӨОІЖ орынбасары Б.Самалбаев және өндірістік оқыту шеберлері Е.Байбатжанов, Ш.Абилкаримов, Р.Қарақойшын қатысып, өз кәсіби шеберліктерін көрсетіп, сертификаттарға ие болып қайтты.
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/300-kolledzh-t-zhiribe-mansap-tekhnikaly-mamandy-taryn-damytudy-ashy-khaly-araly-praktikaly-forumy-tti.html#sigFreeId07a799e4e7




