12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында ерекше сұранысқа ие. Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізілуде. Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он алтыншы мәрте ұйымдастырылуда. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. Биыл 2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинағы оқуға ұсынылды. Осыған орай «Оқуға құштар колледж» жобасының аясында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын насихаттау мақсатында, 11 қараша күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің кітапханасында, кітапхана меңгерушісі А.Ибраеваның ұйымдастыруымен «Бір колледж — бір кітап» акциясы өткізілді. Акция барысында колледж студенттері, «Сөз сыры» үйірмесінің мүшелері, белсенді оқырмандар Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса», «Оқуға шақыру», «Қазақ салты» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының шығармаларымен қатар, қаламгер туралы жазылған өзге жазушылардың естеліктері, басылымдар беттерінде жарияланған материалдар қойылып библиографиялық шолу жасалынды. Баршаңызды Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқуға шақырамыз!