12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Халықаралық "Өрлеу-өркендеу" ғылыми-ақпараттық, танымдық - тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген "ҮЗДІК ПЕДАГОГ" екенін үздік жұмысымен дәлелдеп, қоғам мен мемлекет өміріндегі білім беру жүйесінің маңыздылығын арттыруға ықпал жасап, мәңгілік елдің жарқын болашағы жастардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызып, ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал еңбегі үшін колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Д.Күлбеков Халықаралық "Өрлеу-өркендеу" орталығының дипломымен және саналы ұрпақ тәрбиелеуде қосқан ерен еңбегі үшін "ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ" төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар журнал бетіне ғылыми-танымдық материал жариялағанын растайтын сертификат иеленіп, материалы арнайы жинаққа жарияланды. Құттықтаймыз!!!