12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

2022 жылдың 15 қараша күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде "Жұмыс беруші күніне" орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен академиялық дербестік, дуальды оқыту жүйесі, кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы шеңберінде одан әрі тиімді іс-қимыл жасауды дамыту мақсатында «Ынтымақтастық нәтижесі – құзіретті маман» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында колледж директоры А.Джумадилов кадрларды даярлауда жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындап, алдағы уақытта серіктестікті нығайту мәселелерә қарастырылды.

Кәсіпорын мен колледждің өзара ынтамақтастық нәтижесінде атқарылған іс-шаралар жайлы директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары А.Бюлюкеева  таныстырып өтті.

Астана қаласындағы «Астана жиһаз фабрикасы» ЖШС басшысы Н.Искалиев ZOOM қосымшасы арқылы тікелей байланысқа шығып «Бүгінгі студент-ертеңгі білікті маман» тақырыбында баяндама жасап, кәсіпорын базасында  дуальдық оқыту бойынша кәсіптік практикадан өтіп жатқан 3 курс «Жиһаз өндірісі» мамандығы білім алушыларының жұмыстарын көрсетті.

Семинардың екінші бөлімінде колледж бойынша экскурсия, көрме, мамандықтар жәрмеңкесі, оқу шеберханаларында шебер кластар өткізіліп, «Жұмыс беруші-Оқытушы-Студент» диалогтық алаңында өзекті мәселелер қозғалды.

Семинар соңында колледж директоры семинарды қорытындылап, үздік жұмыс берушілерді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен «Погода» ЖШС, «Сұңқар InterLink» ЖШС басшыларын, Жетісу облысы білім басқармасының Алғыс хатымен «ТАЭТК» АҚ, «Мақсат» ЖШС басшыларын және колледж Алғыс хатымен басқа да жұмыс берушілерді марапаттады.