2022 жылдың 30 қараша күні Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына колледждегі басқару, әдістеме және тәжірибе жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Колледждегі басқару және академиялық дербестіктің мүмкіндіктері» тақырыбында Көксу политехникалық колледжінің базасында республикалық семинар өткізді. Семинарда Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары А.Бюлюкеева «Академиялық дербестік шеңберінде жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастық нәтижесі» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Аталған шараға Алматы, Жетісу, Маңғыстау және Жамбыл облысы колледждерінің орынбасарлары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.




