12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

«ТЕРЕҢ ТАРИХТАН-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!» тақырыбында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында облыстық пікірсайыс турнирі

 

«Облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Жетісу облыстық білім басқармасы, Оқу – ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ТЕРЕҢ ТАРИХТАН-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!» тақырыбында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, жастар арасында креативтілік, коммуникативтілік, командада жұмыс істей білу, сыни ойлау, ораторлық қасиеттерін дамыту. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында саяси-құқықтық, экономикалық мәдениетті арттыру. Шешендік өнерді дамыту және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өз ойын жетік және дәлелдей білетін талантты жастарды анықтау. Турнирді Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры А.Джумадилов ашып, Оқу-ағарту министрлігінің «Дебат» бағдарламасының халықаралық тренері Г.Ахметова, «Жетісу облысының білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері М.Кулшанова Жетісу өңірінен келген қатысушыларға сәттілік тіледі. Пікірсайысқа 17 оқу орнынан студенттер додаға түсіп, турнирдің қорытындысы бойынша:

1 орын -Zhansugurov college

2 орын 125 High school Taldyqorgan

3 орынды Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі иеленді. Сонымен қатар студенттер "Үздік спикер", "Үздік төреші" номинацияларымен марапатталды.