«Айбыны асқақ, тұғыры биік –Тәуелсіз Қазақстан»
атты салтанатты жиын
15 желтоқсан күні колледжде Тәуелсіздіктің мерекесін ұлықтауға арналған «Айбыны асқақ, тұғыры биік –Тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті.
Осындай мемлекетіміздің ұлы мерекесінде колледж ұжымын, студенттерді колледж директоры Джумадилов Әсет Қазыйұлы құттықтап, бірқатар қызметкерлер мен студенттерді марапаттады. Мерекелік шара директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ахметова және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Ауесханның ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында «Сөз сыры» үйірмесінің жетекшісі А.Ибраеваның жетекшілігіндегі үйірме мүшелері Тәуелсіздікке арнаған өлең жолдарын паш етті.
Кеш соңы концерттік бағдарламамен ұласып, ән шырқалып, күй шертіліп, мың бұралған биші қыздарымыз тамаша билерімен көрермен көңілдерін көтерді.
https://zhqtk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/332-ajbyny-as-a-t-yry-biik-t-uelsiz-aza-stan-atty-saltanatty-zhiyn-15-zhelto-san-k-ni-kolledzhde-t-uelsizdikti-merekesin-ly-tau-a-arnal-an-ajbyny-as-a-t-yry-biik-t-uelsiz-aza-stan-atty-saltanatty-zhiyn-tti.html#sigFreeIdc6185fb005




