12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Колледждің жылдық жоспарына сәйкес 04-13 қаңтар аралығында қысқы педагогикалық оқылым жоспары бекітіліп, қаңтар айының 04-нен бастап жоспарға сәйкес іс - шаралар жүргізілуде. Қысқы оқылымды колледж директоры А.Джумадилов және колледж әдіскері С.Игисинова ашып, жоспармен таныстырды. Жоспар бойынша қысқы оқылымның бірінші күнін “Жалпытехникалық пәндер” ЦК мүшелері бастап, өндірістік оқыту шебері Ш.Абилкаримов “Түркияның кәсіптік білім берудегі кредиттік-модульдік оқыту технологиясы”, Р.Қарақойшын “Әлеуметтік серіктестік - сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші”, Е.Мұқанджан мен Ө.Разман “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру” және Е.Тагаев пен Т.Айғожанов “Жұмысшы маман даярлауда цифрлық білім беру технологиясы Multislim қосымшасы” тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті