12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

«Баланың басты ұстазы ата-анасы» тақырыбында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті

16 қаңтар күні колледждің тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес «Баланың басты ұстазы ата-анасы» тақырыбында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысында қарастырылған мәселелер: І жарты жылдық қорытындысы, колледж студенттерінің жалпы тәртібі, жаспөспірімдердің арасында буллингтің, құқықбұзушылықты болдырмаудың алдын алу, ІІІ курстардың практика кету мәселелері қозғалды. Колледж директоры А.Джумадилов «Колледждің бүгіні, ертеңі мен болашағы» тақырыбында баяндамасын оқып, колледждің стратегиялық даму жоспарымен таныстырды, директордың ТІЖ орынбасары Ж.Ахметова «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» тақырыбында студенттердің тәрбие мәселесіне тоқталып, бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарды балалар тәрбиесіне байыппен қарауға шақырды. Колледж психологы Э.Нургалиева ата-аналарға психологиялық кеңестер беріп, колледж медбикесі А.Есенеева балалардың денсаулығы туралы, директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Р.Абдуллин өндірістік оқыту сабақтарына, практика мәселесіне тоқталды. Жиналыс соңында колледждің белсенді студенттерінің ата-аналары колледж директорының «Алғыс хатымен» марапатталды.