12/12/2025 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Қысқы педагогикалық оқылымның жоспарына сәйкес 10 қаңтар күні Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттегінің қызметкері, тергеуші А.Изгуттиева «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы аясындағы жұмыс» туралы колледж ұжымына ақпарат беріп, әріптестеріміздің сұрақтарына толықтай жауап берді. Сонымен қатар Республикалық «WORLDSKIILS – 2022» чемпионатының қатысушылары өндірістік оқыту шебері Д.Күлбеков «WorldSkiils чемпионатында кездескен қиындықтар мен оны шешу жолдары», А.Талғатқызы WorldSkiils чемпионатында «Визуалды мерчандайзинг және витринистика» құзыреттілігін өткізу талаптары мен критерийлері» тақырыбында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.