Халық қаһарманы Б.Момышұлының туылғанына 112 жыл орай өткен Республикалық әскери-патриоттық жарысқа Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің 2 курс студенті Сыдықбаев Әлішер "Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтаудан» қатысып, жүлделі 2 орын иеленді. Сыдықбаев Әлішерге марапатын тапсыру үшін "Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектерінің" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, полковник Алданазаров Ерлан Жарылкасынұлы өзі арнайы келіп құттықтап, жастарға патриоттық тәрбие бойынша әңгіме жүргізіп, жетекшілік еткен колледждің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Шарипов Ерғали Кенжебекұлына «Қазақстан патриоты» төсбелгісін табыстады. Марапаттарыңыз құтты болсын!




