30/10/2026 Жұма
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ
«Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚМКК

Бүгін, 2026 жылғы 7 қазаннан бастап, Атырау облысы Білім беру басқармасының бұйрығымен Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры қызметіне Сарбалиева Маруся Шамшиевна тағайындалды.
Бұл – колледж ұжымы үшін үлкен жауапкершілік пен жаңа белестерге бастайтын маңызды қадам.
Құрметті Маруся Шамшиевна!
Сізді жаңа қызметіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!
Колледждің білім сапасын арттыру, студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!
Басшылық қызметіңіз абыройлы, әр бастамаңыз берекелі, алар асуларыңыз биік болсын!
Колледжіміздің дамуы мен жарқын болашағы жолында бірге атқарар игі істеріміз көп болғай!
Ұжым атынан ақжолтай қызметіңізге сәттілік тілейміз!
Қызметіңіз құтты болсын!